Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

СҚО-дағы көмір тапшылығы вагондардың жетіспеушілігінен туындап отыр - «Шұбаркөл Көмір»

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
3815
СҚО-дағы көмір тапшылығы вагондардың жетіспеушілігінен туындап отыр - «Шұбаркөл Көмір»

СҚО-дағы көмір тапшылығы вагондардың жетіспеушілігінен туындап отыр. «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның өкілдері осылай деп отыр. Олар жылына 3 миллион көмір сатады. Ал тапсырыс қазан мен қарашада ғана түсетін көрінеді. Ал бұл кезде тасымалмен айналысатын «Қазақстан Темір жолында» вагондар тапшы болады.

Иван Баденко, «Шұбаркөл көмір» АҚ бөлім басшысы:

Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Қазан, қараша айларында шаруашылық көмірге тапсырыс өте көп түседі. Ал барлығына көмірді дер кезінде жеткізу үшін вагондар жетіспейді. Бүгінде, міне, жеткізілуі тиіс көмірдің небәрі 88 пайызын апардық. Біз «Қазақстан Темір жолы», яғни «Жүк тасымалдау» компаниясымен жұмыс істейміз. Олар бізге шілде, тамыз, қыркүйек айында тасып алыңдар дейді. Бірақ ол кезде тапсырыс болмаса, әрине, көмір таси алмаймыз ғой. Адамдар да мұны түсініп, ертерек қамданғандары дұрыс.