25
жылда елімізге 260 млрд доллар инвестиция тартылған. Өндіріс көлемі 10,3 есе
ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 8 есеге, экспорт 9 есеге өсті. 1300-ге
тарта емдеу мекемесі салынды. Адамдардың өмір сүру ұзақтығы 68 жастан 72
жасқа ұлғайған.
Тәуелсіздік
жылдарындағы Қазақстанның дамуын қорытындылаған министр сарапшылар қауымдастығы
алдында есеп берді. Бүгінде министрлік алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол
бойынша шағын орта бизнесті несиелендіру көлемі артпақ. Қарыздарды кепілдендіру
мен субсидияны арттыруыдың арқасында жеке кәсіпкерлер санын 1 млн адамға
жеткізу жоспары бар.