Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайлық диқандар 14 миллион теңге қарызын қайтара алмай отыр

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
2298
Қостанайлық диқандар 14 миллион теңге қарызын қайтара алмай отыр

Қостанай облысының диқандары «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясына қарыздарын қайтармай отыр. Аймақтағы 5 шаруа 14 миллион теңгеден астам берешегі бар.

Соның бірі, Арқалықта тұратын диқан Ақберген Ешімішевтің айтуынша, егін биыл бітік шықпаған. Сондықтан сапасы төмен өнімді өткізе алмай жүргенін айтты. Жергілікті элеваторлар 5 классты бидайды қабылдамай қойған. Амалдың жоқтығынан арзан бағамен диірмендерге тапсырған. Алайда әлі күнге дейін ақшасын ала алмай жүрмін, - деді.

Ақберген Ешімішев, диқан:

Сапасы 5 класс болды. 5 классты Торғай элеваторы алмады. Кейін Жезқазғаннан  диірмен өкілдері келіп, солар 50 тоннадай бидай алып, жоқ болып кетті. Күтіп жүрміз. Басқа да жағын ойластырып жатырмыз. Мүмкін, пайызға ақша немесе қарыз алып жабамыз ба деп.

Биыл аймақ диқандары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы 6 миллиард 222 миллион теңге көлемінде төмен пайызбен несие алған. Қомақты қаражат облыстағы 800-ге жуық  шаруаға бөлінген. Ал қарыз қайтармағандарды сотқа береміз деп отыр.

Мирас Төрежанов, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры: 

Ол қаржыны 1 қарашаға дейін қайтаруы керек еді. Бірақ  қазір 5 шаруа, үшеуі Ұзынкөл ауданынан, екеуі  Арқалықтан қайтармай отыр. Барлығы 14 миллион  232 мың теңге. Қазір 1 қарашадан бастап 0,1 пайыз үстемақы жүріп жатыр. Ал, желтоқсан айынан бастап 10 пайыздық айыппұл төлейтін болады.