Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қостанай қаласында төрт қабатты үйдің шатырын ауыстыру қыруар шығынға ұшыратты

06.10.2023ж. 20:00
978
Қостанай қаласында төрт қабатты үйдің шатырын ауыстыру қыруар шығынға ұшыратты

Қостанай қаласы орталығындағы төрт қабатты үйдің шатырын ауыстыру қыруар шығынға ұшыратты. Жөндеу жұмыстары кезінде 12 пәтерді жаңбыр суы басып,тұрғындар жапа шекті. Кейін жылу құбыры жарылып, тағы бірнеше баспанаға зақым келді. Дымқыл тартқан пәтерді кім қалыпқа келтіреді? Шаһар билігі қандай шара қолданбақ? Заңғар Санай сабақтайды.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Ту сыртымда тұрған ұшар басында сағаты бар сәулетті нысан қаланың символы іспеттес.Мұндағы мұнара 1980 жылы салынған көрінеді. Төрт қабатты үйдің түсі бұған дейін бірнеше рет өзгерді. Биыл тағы жөндеуге ілікті. Жаз бойғы жөндеуден тұрғындар жапа шеккенін айтады.

Нұрбану ІЗМАЙЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әп-әдемі жылы үй.Су аққан жоқ.жылу құбыры аққан жоқ.Соның бәрін бүлдірді ғой.Біз тұра беретін ек осы үйде.Талабым бізге дұрыстап гидроизоляция істеу керек.Әдемілеп тұрып кептіріп, содан кейін ғана салатындарын салсын.Кептіріп жатқан адам жоқ.

Қаланың қақ орталығындағы төрт қабатты үйді жөндеу жергілікті серіктестікке жүктелген. Шатырды ауыстыру кезінде қатты нөсер болып, 12 пәтерді су басқан көрінеді.Мердігер оның түгелін жөндеп берген.

Дәурен ТЕМІРБАЕВ, ЖШС УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ:

Бір ай, бір жарым айда пәтерлердің ремонтын жасап бердік.Су болған утеплительдерді алып тастадым.Қайтадан жаңадан салып жатырмыз.Енді сол уақыт беріп жатырмын.Шатыр кепкенше.

Жуырда жылу құбыры жарылып, тағы бірнеше пәтердің төбесінен су ағып, жығылғанға жұдырық боды. Енді оны кім жөндейтіні белгісіз.Қалалық тұрғын үй инспекциясы тұрғындар шағымын қарастырып жатқанын айтады.

Мұрат АЛПЫСБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Қарастырып жатырмыз.Бәрібір де көмек болады.Қазіргі уақытта шатырды бітіру керек.Біріншіден.Әлі істейтін жұмыстары бар.Толығымен біткен жоқ.Сол үшін әлі ремонттар жасаймыз.

Пәтер иелері копперативі үйдің төбесі арқылы өткізілген жылу құбырын түгел жаңартты. Енді баспананы қалыпқа келтіруге қаражат тапса игі.Тұрғындар жөндеу жұмыстары сағызша созылып, қыстың көзі қырауда туған-туыс сағалап кетеміз бе деп алаңдаулы.