Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

200 мыңға жуық салымшы өтемақыдан қағылуы мүмкін бе?

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
1526
200 мыңға жуық салымшы өтемақыдан қағылуы мүмкін бе?

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 200 мыңға жуық салымшысы өтемақыдан қағылуы мүмкін. Банкте қаражатын сақтаған азаматтардың қосымша шарт жасасуға үлгермей қалу қаупі бар. Бұл туралы банктің баспасөз хатшысы Айбар Олжай мәлімдеді.

Санақ бойынша бүгінде өтемақы төлеуге жататын 110 мыңға жуық салымшымен келісімшартқа қол қойылған. Бұл тиісті өтемақыға лайық депозиттердің 20 пайызына жуық. Банк әу-баста 457 мың салымшымен келісімшарт жасап, күніне 4 мың азаматты тіркеу жоспарланған еді. Алайда қабылданып жатқан өтініштер саны екі жарым мыңнан аспайды. 

Айнұр Құдайбергенова, салымшы:

Бірінші салымда өзімнің атымдағы миллионым жатыр. Екіншісінде 300 мыңдай. Компенсация өзімнің атымдағы 300 мыңдай үстіне  мемлекет береді өтемақы. Екіншісі, отыз-қырық мыңдай түсуі мүмкін. Соңғы күнге қалдырмай, құжаттар дайындап, толтырып, өткізу қажет. 

Айбар Олжай,  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  баспасөз хатшысы:

Елбасымыздың арнайы тапсырмасымен ТҚЖБ  жүйесіне 149 млрд теңге  бөлінді. Оның ішінде 127 млрд  теңге әлеуметтік тұрғын үй құрылысына  бөлінді, 22 млрд теңге біздің банктің салымшыларын несиелендіруге  бөлінді. Ақша үлкен. Одан  бөлек мемлекеттік бағдарлама бар.  Банктің өзінің  бағдарламасы бар. Солардың бәрін есептей келе, 623 мың  шаршы метр тұрғын үй тұрғызылатын болады. Сондықтан қазір олай жатпай, азғантай уақытта  өтіп, қосымша келісімге қол қоюды өткізіп алған дұрыс.

Еске салайық, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұлттық валютаның еркін құбылмалы айырбас бағамына өтуіне байланысты 467 мың салымшыға өтемақы төлеу туралы шешім қабылдаған. Банк пен салымшылар арасында өтемақы бойынша  қосымша келісімшарттар жасасу 8 ақпаннан басталып, 31 мамырға дейін жоспарланған еді. Берілетін ақша жалпы жинақтың 35,5 пайызын құрайды. Ол екі кезеңмен өтеледі.

Айгүл ЕРМАХАН