Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Әнші Қайрат Мырзаханов көпшілікке алғаш рет отбасын көрсетті

AstanaTV
09.10.2023ж. 21:28
913
Әнші Қайрат Мырзаханов көпшілікке алғаш рет отбасын көрсетті

"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов көпшілікке алғаш рет отбасын көрсетті. "Қызықты weekend" бағдарламасында өнер иесінің жұбайы өзі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, олардың бүгінде төрт ұлы бар.

"1989 жылы Балқаш ауданында туып өстім. Әкем - қарапайым жұмысшы. Анам - бухгалтер болып қызмет атқарды. Үйде үш ағайындымыз. Қайрат екеуіміздің үйленгенімізге 11 жыл болды. Тұрмыс құрғалы Алматыға келіп, үй салып, осы жақта тұрып жатырмыз. Туризм мамандығын бітіргенмін. Қайрат екеуіміз 2012 жылы таныстық. Ол кісі маған әлеуметтік желіге жазады. Мен жауап бермегенмін. Бірақ әнші екенін білмедім. Сосын барып әнші екенін айтты", - деді әншінің жұбайы Шолпан Мырзаханова.

Қайрат Мырзаханов отбасымен. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы Сонымен қатар әнші Қайрат Мырзаханов әйеліне танысқаннан кейін екі айдан соң үйленуге ұсыныс білдіргенін айтты.

"Бірден екі ай өткенде ұсыныс жасадым ғой. Ең үлкенім Әбубәкір 2013 жылы өмірге келді. Одан кейін қызым - Хадиша. Қызым менің көшірмем. Ұлым футболға, қызым тенниске барады. Үшінші балам - Омартай", - деді Қайрат Мырзаханов.