Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті

AstanaTV
09.10.2023ж. 18:37
637
«Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті

Андрей Скабелка «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Qazsport» телеарнасының телеграм-каналына сілтеме жасап.

Сенбі күні астаналық клуб 2018-2020 жылдар аралығында және соңғы екі маусым бойы команданы жаттықтырған Андрей Скабелканың бас бапкерлік қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Биылғы маусымда елордалық команда 15 матч өткізіп, оның тек үшеуінде ғана жеңіске жетті.

Ал команданың бас бапкері қызметін атқарушы болып Ғалым Мамбетәлиев тағайындалды.

Бүгін елордалық клуб өз айдынындағы кезекті матчтар сериясын «Тракторға» қарсы ойынмен бастайды.