Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әлемдегі үздік футбол стадионы анықталды

AstanaTV
09.10.2023ж. 23:31
819
Әлемдегі үздік футбол стадионы анықталды

Fourfourtwo рейтингісі бойынша Испания астанасы Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" әлемдегі ең үздік стадион деп танылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Рейтингке сәйкес әлемдегі әйгілі 32 арена таңдалынып алынған.

Соның ішінде үздік ондыққа мына стадиондар кірді:

1. "Сантьяго Бернабеу" ("Реал Мадрид"); 2. "Маракана" ("Фламенго", "Флуминенсе", "Васко да Гама"); 3. "Сигнал Идуна Парк" ("Боруссия Дортмунд"); 4. "Бомбонера" ("Бока Хуниорс"); 5. "Сан-Сиро" ("Милан», «Интер"); 6. "Камп Ноу" ("Барселона"); 7. "Монументаль Антонио Веспусио Либерти" ("Ривер Плейт"); 8. "Ацтека" ("Крус Асуль", "Америка"); 9. "Тоттенхэм Хотспур Стэдиум" ("Тоттенхэм"); 10. "Айброкс" ("Рейнджерс"). Айта кетейік, "Реал" стадионы биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. "Сантьяго Бернабеуде" енді жылжымалы алаң мен 360 градустық видеотақта орнатылды. Оған қоса, клубтық мүзей кеңейтіліп, стадионның үсті ашылып жабылатын болды. Жөндеу жұмыстары шамамен 900 млн еуроны құрады.