Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Израильде 500-ден астам отандасымыз бар

09.10.2023ж. 20:00
671
Израильде 500-ден  астам отандасымыз бар

Израильдегі жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше елде 500-ден астам отандасымыз бар. Оның 112-сі ресми есепте болса, 400-ден астамы консулдық тіркеуге тұрмаған. Саяси ахуалға байланысты 118 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдірген. Ертең Тель-Авивтегі Бенгурион әуежайынан Алматыға ұшақ ұшады.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелерінде консулдық есепке тұру қажеттігін тағы да еске саламыз. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Сондай-ақ қашықтықтан да жасауға болады. Есепке тұру үшін қажетті ақпаратты, яғни төлқұжат көшірмесін, тұрғылықты мекен-жайын жіберу керек.