Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

09.10.2023ж. 20:00
779
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіледі. Жақын арада азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек тиелген жүк темір жол және әуе көліктері арқылы жөнелтілмек. Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі. Айта кетейік, Ауғанстанның Герат провинциясында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды. Зілзаладан 10 мыңға жуық адам зардап шегіп, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.