Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: комиссия тексерісі аяқталды

09.10.2023ж. 20:00
622
Қарағандыда балалардың жаппай улануы: комиссия тексерісі аяқталды

Қарағандыда 14 балғын белгісіз заттан уланып, оның екеуі қаза болған - балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы тамақтандыру бөлімінен жәндіктер табылды. Ішетін су жуынатын бөлмеде болған. Бұл заң бұзушылықтар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне қайшы. Мамандар осындай қорытынды шығарды. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов төрағалық еткен комиссия балалардың төсек-орнын, жеке заттары мен бос уақытты өткізу, медициналық көмек көрсету сапасы, өрт қауіпсіздігі және тамақтандыруды тексерген. Орталықта кейбір сымдар оқшауланбаған, розеткалар қауіпті жерлерде орналасқан болып шықты. Балаларға арналған төсек-орынның дұрыс бөлінбегені де анықталды. Санитарлық дәрігерлердің хабарлауынша, материалдар облыстық прокуратураға жіберілген. Қылмыстық істі арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр. Балалардың улануы мен екі баланың өлімінің себептерін анықтау мақсатындағы қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама әлі жасалып жатыр.

Ақдана ЕСЕНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ Ә.БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Мысалы, ас үй бөлмелерінде жәндіктердің анықталуы, мединицалық блоктарда мерзімі өтіп кеткен дәрілердің қолданылуы сияқты өте өрескел фактілер анықталды. Бұл анықталған фактілер бойынша қазіргі кезде уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Өрескел құқықбұзушылықтар сол акт негізінде уәкілетті органдарда қарастырылатын болады.