Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

БҚО-да сібір жарасына қарсы егілген мал өліп жатыр

09.10.2023ж. 20:00
551
БҚО-да сібір жарасына қарсы егілген мал өліп жатыр

Ақ адал малымды ветеринарлар теріс егіп, қырып тастады! Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының тұрғыны Ағила Ақылбекова осылай өкпе айтып отыр. Шаруаның айтуынша, екі апта бұрын сібір жарасына қарсы ектірген 6 қойы арам қатқан. Бұл аздай, тағы үшеуі әлсіреп, өлуге таяу. Өйткені мал дәрігері вакцинаны мөлшерінен төрт есе көп егіпті. Ауыр дозаны көтере алмаған қой бірінен соң бірі өліп жатыр. Кәсіпкердің ендігі уайымы сібір жарасы ауырған малдан адамға да жұғуы мүмкін. Бірақ осыны нақтылап берер сараптама нәтижесін бір аптадан бері ала алмай, әбден әуреге түсіпті.

Ағила АҚЫЛБЕКОВА, ШАРУА:

Бұл жерде таза көрініп тұр ветврачтың қателіктері. Мұның еті жеуге жарамайды. Өйткені малды сойып қарап тұрмыз. Еті сарғайып кеткен, ірің толып кеткен.

Ветеринарлар малдың дұрыс егілмегенін мойындайды. Мұны өлген қойды сойып тексерген соң анықтапты. Екпе жасаған дәрігер өлген алты қойдың өтемақысына өзінің малын берген көрінеді. Енді ауырғандар емделмесе, өтемақы төлеуге дайынбыз дейді.

Кенжебек АЙМАШЕВ, БҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сібір жарасын қылшығы жоқ жерден егеді. Қолтықтың астынан, құйрықтың астынан, шаптан. Ветврачтың кішкене кінәсі - жүні бар жерден егіп тұр, инфекция кіргізіп тұр или етке кетіп тұр. Екеуінің біреуі. Тірі вакцина болғанннан кейін, мал егілгеннен кейін где то төрт сағат, алты сағат айналасында мал покойда болуы керек. Бұл жерде малды еккен бойда өріске айдап кеткен.