$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарлық шаруалар алданып қалды

09.10.2023ж. 20:00
738
Павлодарлық шаруалар алданып қалды

Павлодарда «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен несие алған фермерлер сан соғып қалды. Олар Еуропадан асыл тұқымды сиыр аламыз - деп миллиондаған қаражаттарын мал жеткізіп беруші операторға аударған. Содан бері 3 жыл өтсе де, не мал, не ақша жоқ. Ал несиені өтемеген шаруалардың дүние мүлкі тәркіленіп жатыр. Амалы таусылған фермерлер арнамыздан араша сұрады.

Теміржан Киішев – «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 85 млн. теңге несие алған. Оған Ирландиядан бас асыл тұқымды сиыр алмақшы болыпты. Әкімдіктің айтуымен қомақты қаражатты Қостанайдағы мал жеткізуші операторға аударған.

Теміржан КИІШЕВ, ШАРУА:

Қазіргі жағдайым өте нашар болып тұр. Уже міне, төртінші ай шотымды түгел бұғаттап тастатады. Қара малды тапсыруға анықтам справка бермейді. Машинамды Павлодарға стоянкаға қойды. Жұмыскерлерге еңбек беруге ақша жоқ. Мынау солярка алайық десек ақша жоқ. Шөп алынған жоқ. Келіп жатар. Алайық десек ақша жоқ.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

100 бас сиырға шаруа дәл осындай үлкен қора салған. Бұған 20 млн теңге жұмсапты. Алайда, 3 жылдан бері қаңырап бос тұр.

 «Сыбағадан» сыбағасын ала алмай жүргендер көп. Өңірде 11 шаруа қожалық дәл осылай алданып қалған.

Талғат БЕЙСЕНБАЕВ, ШАРУА:

Бұл компанияны бізге акимат тауып берген. Акимат тауып бергеннен кейін бізде ешқандай күмән болмады. Сендік. Сол компаниядан мал алатын болып, кредит алдық. Мен өзі басым 42 млн. 500 мың теңге ақша алдым. Сразу соның шоттарына аудардым Агрогенектикстің. Содан осы күнге дейін не ақша жоқ.

Шаруалар сотта жеңіп шыққанмен нәтиже болмапты. Қостанайлық оператор банкрот деп танылған. Ал заң бойынша банкрот болған серіктестікке ешқандай жауапгершілік қарастырылмапты.

Кенжебек МҮРСӘЛІМҰЛЫ, ШАРУА:

Бұл жерде ауыл шаруашылығы министрлігі өзі гарант болуы керек еді. Малды әкеліп беруіне түгеліне көмектесу керек еді. Бұл жалғыз шаруа қожалықтың басына іліп қойған проблема ғой. Сондықтан әр бағдарламаны шығарарда сол министрлік ойланып шығару керек. Мына жерде кәдімгідей ауыл шаруашылығының қате бағдарламасы.

Ал несие берген ұйым өкілдері шаруаларға қарызды жабуға көмектесе алмайтындарын жеткізді. Тек тығырыққа тірелген фермерге ғана несиесін 1 жылдан кейін өтеуге уақыт бермек.

Асхат ЖҰМАБАЕВ, НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Облыс бізден қарызын алмаймыз деп тұр. Біз қарызды шаруа қожалықтан ала алмаймыз. Мұнда бізде 184 адам бар мүшелікте. Каждый адамның ақшасы осы мүшеліктің шотында жатыр. Оны қазір КТ-ның доходымен жабатын болсақ, оған кім кепіл береді. Ертең басқа бір шаруа қожалық келіп айтуы мүмкін.

Шаруалар ақшаны алған қостанайлық оператордың жауапкершілікке тартылуын сұрайды. Болмаса жоғары жаққа шағымдануға бекініп отыр.