Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда ойнады

AstanaTV
09.10.2023ж. 20:00
694
Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда ойнады

Азиада ойындары аяқталды. Отандастарымыз 80 жүлде олжалады. Жеңіс тұғырынан көрінгендер қанша сыйақы алады? Толығырақ СПОРТ топтамасында.

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

АЗИАДА АЯҚТАЛДЫ

Сарықұрлық спортшылары үшін мереке болған Азиада өз мәресіне жетті. Жүлде қоры бойынша үздіктердің қатарында Қытай (383 медаль), Оңтүстік Корея (190 медаль) және үздік үштікті Жапония 188 медалмен қорытындылады.

Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша бестікке енді. Ал алтын медаль саны бойынша жалпы командалық есепте 11-орынға табан тіреді.

АЗИАДАДАН КІМ ҚАНША ТАПТЫ?

Қытайдағы Азия ойындарының қорытындысы бойынша спортшылардың арасында ең көп сыйақы алғаны белгілі болды. Қалтасы қалың болғандардың көш басында Әсем Орынбай тұр. Ол атудан екі алтын мен қола алды. Барлығы: $23 000 (шамамен 11 миллион теңге). Сергей Емильянов, Алексей Луценко, Евгений Федоров және Зухра Ирназаровалар 15 000 доллар табыс тапты.

БАХТИЕР ЗАЙНУТДИНОВ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДА ОЙНАДЫ

Бешикташ өз алаңында «Истанбулспорды» 2-0 есебімен жеңді. Алтыншы минутта Винсент Абубакар гол соқты, ал 90-шы минутта пенальтиде Рашид Геззал қақпаға дәл көздеді. Естеріңізге сала кетейік, «Бешикташтың» негізгі құрамында алғаш рет Зайнутдинов 1 қазанда – «Коньяспорға» қарсы ойнап, алаңда 81 минут өткізді.

РЫБАКИНА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУРНИГЕ ҚАТЫСПАЙДЫ

Уимболдон-2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина WTA 500 сериясы бойынша өтетін Чжэньчжоу Оупен турнирінен бас тартты. WTA Рыбакинаның жарысқа қатыспауының себебін денсаулығына қатысты деп түсіндірді.

ГОЛОВКИННІҢ БҰРЫНҒЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ БОКСШЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бұрынғы Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс YouTube арналарының біріне берген сұхбатында 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альварестің жеңілісінен бері рингке шықпаған GGG-дің болашақ жоспарлары туралы сұхбат берді. Көптеген сарапшылар Головкиннің мансабы аяқталмады, мүмкін ол Қазақстанда кезекті жекпе-жек өткізуі мүмкін деген болжамдар жасаған болатын. Джонатон Бэнкс бұл қауесет туралы былай деп жауап берді:

«Мен бұл туралы айта алмаймын, өйткені онымен сөйлеспегеніме біраз уақыт өтті. Ештеңе айтқым келмейді. Мен оған жақын арада хабарласып, жағдайды білемін. Сол кезде өзінің жекпе-жек туралы ойын сұраймын».

РАМАЗАН ОРАЗОВТЫҢ КЛУБЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов өнер көрсететін словениялық «Копер» ұлттық біріншілікте қарсыласын ойсырата ұтты. Словения чемпионатының 12-турындағы матчта «Копер» өз алаңында «Алюминийді» 4-1 есебімен жеңді. Оразов бастапқы құрамда шықты. 67-минутта қазақстандық футболшы ауыстырылды.

«ГРАНАДА» «БАРСЕЛОНАМЕН» ТЕҢ ТҮСТІ

Ла Лиганың 9 турындағы матчта Каталониялық Барселона Гранадамен тең түсті.

Өз алаңында ойнаған Гранада сапында Бойе ойынның 1-минутында қонақтардың қақпасына гол салды. Каталониядан келген футболшылар ойынның бірінші жартысында естерін жия алмады. 29 минутта Гранада ойыншысы Гумбау тағы бір гол салып команданы алға шығарды. Ойынның бірінші жартысы бітуге 1 минут қалғанда Барселона ойыншысы Ямаль ойын есебін қысқарта алды. Ал 85 минутта Серджи Роберто барселоналықтар үшін ойынды құтқарды десек болады.

«АРСЕНАЛ» «МАНЧЕСТЕР СИТИДІ» ЖЕҢДІ

АПЛ-дің 8 тур аясында өткен Арсенал мен Манчестер Сити кездесуінде тек 1 гол ғана соғылды. 2022/2023 маусымының чемпионы Манчестер сити ойында басымдық көрсеткенімен сәттілік Арсенал командасының жағында болды. 86 минутта ойындағы жалғыз голды Мартинелли салды.


Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.

Менде әзірге осы, ертеңге дейін сау болыңыздар!