Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Петропавлда туған екі баласын зорлап келген педофил әкеге қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
10.10.2023ж. 07:24
600
Петропавлда туған екі баласын зорлап келген педофил әкеге қатысты сот үкімі шықты

Петропавл қалалық сотында үш жыл бойы өз балаларын зорлап келген ауыл тұрғынына қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Петропавл қалалық сотында үкімі жарияланған қылмыстық іс материалдарында айтылғандай, ер адам 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған ұлы мен жас қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған, деп хабарлайды Петропавл.news.

"ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 3-2-бөлігі, 3-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мас күйінде қылмыс жасау ауырлататын жағдай деп танылды. Сот жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ", деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі.