Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған Ауғанстанға аттанды

AstanaTV
10.10.2023ж. 16:35
538
Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған Ауғанстанға аттанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Ауғанстанға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған топ жіберілген. Олардың ішінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар.

"Бұл –құтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушы мен медицина қызметкері биылғы жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан. Топ қажетті жабдықтармен жабдықталған. Топты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады", - делінген хабарламада.