Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекет басшысының ресми сапарлары аясында жасалған келімдер нәтижелі жүзеге асуда

11.10.2023ж. 20:00
614
Мемлекет басшысының ресми сапарлары аясында жасалған келімдер нәтижелі жүзеге асуда

Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе берілді. Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим енгізілді. Мұндай келесім Қытай халық республикасымен де жасалды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарлары аясында қол жеткізген келісімдерінің нәтижесі. Алпауыт елдермен жасалған уағдаластықтарды Бекболат Сатуов шолып шықты.

Ақтау теңіз портына халықаралық мәртебе берілді. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басынан бері көрші елдерге жасаған ресми сапарларының жемісі. Себебі Мемлекет басшысы биыл Ақтаудағы портын Каспий теңізінің жетекші хабтың біріне айналдыруды мақсат етті. Мәселен, Қытайға барған кезекті сапарында да Президент құрлықтағы көлік дәліздерін дамыту мәселесін қозғаған еді. Осы арқылы ол Қытай Батыс Еуразияның ауқымды нарықтарына Қазақстан аумағы арқылы шыға алатынына инвесторлардың назарын аударуды. Ол үшін Транскаспий бағдарын дамыту маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығын салуға баса мән беріп отырмыз. Орталық Азияға, Еуропаға, Түркия мен Иранға контейнер пойыздарын тікелей жөнелту ісінде осы орталық негізгі хаб болады. Біз Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» темір жолын іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Мемлекет басшысының ресми сапардағы көздегені де осы еді дейді, - саясаттанушы Риззат Елубаев.

Риззат ЕЛУБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Қазақстан - транзиттік мемлекет және "транзиттан ақшаны ұлғайтуымыз керек" деген мақсат қойып отыр ғой. Оның осы мақсатқа жетудегі ең бір үлкен шешуші талаптардың бірі - Қытаймен ынтымақтастықты ұлғайту болып табылады. Ол үшін осы сапар аясында 23 құжатқа қол қойылған болатын. Оның ішінде бастылары Транскаспий халықаралық дәлізін жандандыру бойынша меморандумға қол қойлыған болатын.

Президент Қытайға жасаған сапарында 47 құжатқа қол қойып, жалпы 22 миллиард доллар болатын бірлескен келісімге келді. Бұдан өзге, екі ел арасындағы визасыз режим енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен айдағы АҚШ-қа жасаған сапары да жемісті болды. Ресми сапар аясында елімізде IT саласына тың серпін беретін жүйелі жобалар жүзеге асырылатын болды. Мемлекет басшысы Аmazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесіп, Amazon Web Services арасында Outpost «бұлтты» технология шешімін сатып алу және оны QazTech платформасымен интеграциялау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам жаһандық алпауыт елдердің дата-орталықтарын Қазақстанда орналастыруға және еліміздің өңірлік IT-хаб ретіндегі әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

Ғазиз ӘБІШОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Егер корпорациялар Қазақстанға келіп, зауыттар ашса, бізге өте тиімді болуы мүмкін. Себебі мыңдаған американдық елімізге келе алмайды. Сондықтан бірнеше жылдың ішінде сол зауыттарда қазақстандықтар жұмыс істейді. Бұл жалақы, салық тағы сол сияқты. Сол себептен өте пайдалы.

Болжам бойынша 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға сұраныс төрт есе артпақ. Ал, Қазақстанда құны 46 триллион доллардан асатын бес мыңнан аса барлау жасалмаған кен орны бар. Президент Германияға ресми сапары аясында Канцлер Олаф Шольцке бірлескен шикізатты игеру жобаларын жүзеге асыру үшін Консорциум құруды ұсынды. Бұл бастама ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтермек.

Ерболат СЕЙЛЕХАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Президенттің Германияға сапары екі елдің достығы артып жатқанын көрсетеді. Кеше Президент бірнеше неміс компания басшыларымен кездесті. біраз келісім болды. Бұған дейін екі ел арасындағы экономикалық байланыс жақсы қарқынмен дамыды. Бұл жолғы сапар сол бастамалардың оң жалғасы болады. Жаңа кезеңге көтеріліп жатырмыз.

Сондай-ақ, Президент Германия мен Қазақстан арасындағы виза режимге қатысты да жеңілдетуді сұрады. Екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашуды ұсынды. Айтпақшы, президент биыл Қазақстан мен Вьетнам арасында да визасыз режим орнатуға келісті. Енді екі ел азаматтары 30 күн визасыз жүре алады. Мемлекет басшысы әрбір сапарға тыңғылықты дайындықпен барады. Ел мүддесіне қажетті мәселені дер кезінде шешіп келуде.