Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Жер мен құрылысқа рұқсат алуда азаматтардың пікірі ескерілмейді", - сенатор

12.10.2023ж. 20:00
744
"Жер мен құрылысқа рұқсат алуда азаматтардың пікірі ескерілмейді", - сенатор

Жер мен құрылысқа рұқсат алуда азаматтардың пікірі ескерілмейді. Сенатор Андрей Лукин депутаттық сауалында осылай деді. Оның сөзінше, Астана, Алматы, Шымкент пен облыстық маңызы бар тағы 9 қаланың Бас жоспарындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертудің мыңнан астам дерегі анықталған. Яғни, бұл өңірлерде оқу орындары мен аурухана төсегінің жетіспеушілігі қоғамда үнемі талқыланып отырса да әлеуметтік мақсаттағы объектілер негізсіз алынып тасталған. Тиісті бақылау жүргізілмеген.

Андрей ЛУКИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінгі таңда қалалардың Бас жоспарлары ескірген және қазіргі уақыттағы нақты жағдайға сай келмейді, демография, халықты жылумен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер ескерілмеген. Заң талаптарының бұзылуын жою және болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін Жол картасын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылып отыр.