$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысында жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі қарқын алуда

AstanaTV
12.10.2023ж. 20:00
1233
Ақмола облысында жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі қарқын алуда

«Отандық өндіріс» медиа жобасының қатысушылары Ақмола облысына қарасты Макинск қаласындағы «Макинск Жылу оқшалау зауыты» серіктестігіне барып, өндіріс барысымен танысты. Зауыт нарықта сұранысқа ие жылу оқшаулағыш материал, құрылыстағы шыны мақта және пенопласт негізіндегі жанғыш мақта өндіреді.

Макинск қаласындағы жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі кәсіпорны 2019 жылы іске қосылған. Инвестор-«Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамы. Жоба құны- 8 млрд теңге. Зауыт «Gamma Meccanica» италияндық компаниясының технологиялық құрылғыларымен жабдықталған.

Жасұлан МҰХАМЕТЖАН, «МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАЛАУ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жыл сайын жобалық қуаттылықты серпінді ұлғайтып келеміз. Бүгінде өнім көршілес елдерге экспортталады, экспорттың үлесі шамамен 70-80%-ға жетті. Қазақстанда біз барлық ірі құрылыс компанияларымен ынтымақтасамыз.

Италиялық мамандар зауыт құрылысының барлық кезеңдеріне қатысты, сондай-ақ, жергілікті жұмысшыларды жаңа жоғары технологиялық жабдық тілін білуге машықтандырды. Минералды мақта Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия елдеріне экспортталады. Макинск сияқты шағын қала үшін жылу оқшаулағыш зауытын салу өте маңызды оқиға болды. Өндіріс іске қосылған соң 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын мемлекеттік бюджетті толықтырудың қосымша көзі болып тұр.

Манат МҰРАТБЕКОВ, ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жұмыс ұнайды. Макинск қаласында осындай зауытты болғаны қуантады. Еңбекақы уақытылы беріледі. Қызметкерлердің көбі жас мамандар. Жұмыс киімі тегін беріледі.

Биыл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі облыстар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп «Отандық өндіріс» медиа жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты- отандық өнеркәсіпті танымал ету, кәсіпорындардың оң тәжірибелерін көрсету және құндылық идеяларын насихаттау.