$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"17 жасымда айырылып қалдым": Әнші Серікбол Сайлаубек әкесіне қатысты әңгімеге нүкте қойды

AstanaTV
12.10.2023ж. 17:04
875
"17 жасымда айырылып қалдым": Әнші Серікбол Сайлаубек әкесіне қатысты әңгімеге нүкте қойды

Белгілі әнші Серікбол Сайлаубек “Ұйқым келмейді” бағдарламасында марқұм әкесіне қатысты тараған қауесетке жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші бұған дейін әкесінің төрт қыздан кейін Алладан “бір көзі соқыр болса да, ұл берші” деп сұрағанын және бұл туралы сұхбат бергенін айтты. Өнер иесінің бір көзі көрмейтінін ескерген адамдар, Серікболды әкесіне ренжулі деп ұйғарған. Әнші бұл әңгіменің қисынсыз екенін айтып, жоққа шығарды.

“Мұны кім, қалай жазғанын білмеймін. Мен жалпы оқиғаны айттым. 16-17 жасымда әкемнен айырылып қалдым. Ол кісінің жүрегі тоқтап, марқұм болып кетті. Әйтпесе әкеміздің жанында болдық, ол кісіге ренжитіндей хақым жоқ. Мен анамның айтқан әңгімесін баяндап бердім. Әкем Алладан “бір көзі соқыр болса да ұл берші” деп сұрапты. Менің туғаннан сол жақ көзім көрмейді. Осы әңгімеден кейін көпшілік басқаша түсінген екен. Ал “әкесіне ренжулі” деген қате әңгіме, ешқашан ренжімегенмін. Мұндай әңгімеден аулақ болыңыздар. Әке деген асқар тау”, – деп жан сырымен бөлісті.