Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Арселор Миттал Теміртауға» 5,5 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
12.10.2023ж. 19:32
493
«Арселор Миттал Теміртауға» 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тексеріс нәтижесінде, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде заңбұзушылықтар анықталды.

ТМРКД «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

«Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген комитет хабарламасында.