Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

UEFA Еуропа чемпионатының іріктеу ойынын кейінге шегерді

AstanaTV
12.10.2023ж. 23:43
608
UEFA Еуропа чемпионатының іріктеу ойынын кейінге шегерді

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Косово мен Израиль құрамалары арасындағы матчты кейінге шегерді, деп хабарлады massaget.kz.

Екі ұлттық құрама арасындағы ойын 15 қазан күні Приштинеде өтуі керек болған. Кейінгі шегерілген уақыты соңынан хабарланбақ. 

UEFA мұндай шешімді Израиль және Палестина елдері арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты қабылдап отыр. 

Косово мен Израиль құрамалары бақ сынайтын І тобында 6 ойыннан кейін 14 ұпаймен Швейцария құрамасы көш бастап келеді. Одан кейін Румыния (12 ұпай), Израиль (11), Беларусь (4), Косово (4) және Андорра (2) құрамалары орналасқан.