Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен арақатынасына қатысты сұраққа жауап берді

AstanaTV
12.10.2023ж. 22:52
563
Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен арақатынасына қатысты сұраққа жауап берді

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен қазіргі уақытта қандай арақатынаста екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде оқырмандардың бірі Жансая Әбдімәліктен Бибісарамен арақатынасы жайлы сұрақ қойды. Шахматшы арудың жауабы көпшілікті таңғалдырды.

"Бибісарамен араласасыз ба?" , - деп сұрады желі қолданушысы. "Жоқ. Бұл өмірде оған мұндай бақыт бұйырмай тұрған болар", - деп жауап қатты Әбдімәлік.

Айта кету керек, осы жылдың көктемінде шахматтан Үндістанда өткен жарыста қос арудың арасында түсініспеушілік туындап, екеуі желіде жанжалдасып қалған болатын. Алайда жақында аяқталған Азия ойындарында Жансая мен Әбдімәлік желіде бірге түскен суреттерін жариялаған еді.