Нейро-ортопедиялық
бұзылысы бар балаларды оңалтуда қолданылатын Войта-терапия әдісін үйрету үшін
Карин Рук Бернак арнайы Германиядан келген. «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының
ұйымдастырумен үш аптаға созылған оқыту курстары бүгін аяқталды. Ауруға
шалдыққан жас жеткіншектерді оңалту және қалпына келтіру елімізде өзекті
мәселеге айналып отыр. Мұндай терапия науқастардың халін жақсартуға тигізер
әсері мол, - дейді шетелден келген сарапшы.
Карин
Рук Бернак, Войта-терапиясының
сарапшысы:
Вацлав
Войттың арнайы тестілеу методикасымен баланың қандай ауытқушылығы бар екенін анықталып, емдеу курстары
басталады. Егер сәбидің туған кезінен бастап емдеу терапиясын кешіктірмей
бастаса, оңалуға жақсы мүмкіндіктер бар.
Яғни жағдайын оңалтып, зақымдануын азайта аламыз деген сөз.
Войта-терапия
- бұл церебральді сал ауруға шалдыққан балаларды емдеу қағидасы. Бернак
ханымның осы әдісті қолданып келе жатқанына 25 жылдан асқан. Тәжірибелі
маманның теориясын тыңдап, практикасын үйрену үшін елордалық мамандармен қатар
Атырау, Шымкент қаласынан да медициналық қызметкерлер келген.
Мұндай
шеберлік сыныптарын ұйымдастыру сапалы кадрларды дайындауға септігін тигізіп
отыр.
Гүлмира
Абельдинова, «Қасиетті жол» қоғамдық
қайырымдылық қорының президенті:
Бұл
мәселені шешуде біздің серіктесіміз ретінде "Эксон Мобил Қазақстан"
компания көмектесіп жатыр. Біздің қор мен олардың әлеуметтік маңызды мәселеге
байланысты көзқарасымыз бір жерден шыққаны қуантады. Мен Бернак ханымның
Қазақстанға соңғы рет келіп отыр деп ойламайын. Себебі біздің мақсат -
елімізде сапалы әрі қолжетімді оңалту процедурасын қалыптастыру. Адамдардың
мүмкіндігіне инвестиция құя отырып, осы жағдайларын жақсартқымыз келеді.