$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Анам - физик-математик": Айдана Меденова марқұм ата-анасы туралы айтты

AstanaTV
13.10.2023ж. 16:52
840
"Анам - физик-математик": Айдана Меденова марқұм ата-анасы туралы айтты

Экс-әнші Айдана Меденова әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, өзінің балалық шағы туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырманның “Балалық шағыңыз, ата-анаңыз туралы айтып беріңізші. Сіз сондай сұлусыз” деген сұрақ қойды.

“Менің отбасым Семей қаласынан. Мен шығармашылыққа жақын ұстаздар отбасында өстім. Әкем – суретші, анам – физик-математик. Негізі бәрі музыкант. Менің балалық шағым – мүлдем бөлек әңгіме. Ата-анам менің бос отырып қалуыма мүмкіндік бермейтін. Ол үшін әке-шешеме алғыс айтамын. Олардың қазір жанымда болмағын өкінішті. Бірақ осындай адамдардың менің өмірімде болғанына, маған өмір сыйлап, махаббатқа бөлеп, тәрбие бергеніне Аллаға шүкір айтамын”, – деп сауалға жауап берді Айдана Меденова.

Экс-әнші көпшілікті жақсы адам болуға, игі амалдар жасауға шақырды.

“Ешкім мәңгілік емес. Ата-анамыз көзі тірісінде намаз оқымаса, балалары олар үшін дұға тілей алады. Біз олардың жағдайын жеңілдете аламыз. Адамның ең жақсысы – саналы ұрпақ қалдырғаны. Салихалы ұрпақ тәрбиелеген адам мына өмірде де, ана дүниеде де жақсылыққа кенелмек”, – дейді экс-әнші.