Әнші Ерке Есмахан өзінің жасына байланысты көпшілік сынына пікір білдірді. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысы Ерке Есмаханға "Қырықтан ассаңыз да сұлусыз", - деп жазып жіберген.
Ал әнші әлі 40 жасқа толмағанын айтты.
"Қырықтағы қылықты Ерке дегендей ме? Не ғой, мен 40-қа келмедім. Әлі біраз бар. Ешкім 18 жаста қалып қоймайды ғой. Жасқа тиісе берген не бәле осы? Алла бұйырса, 80-90 жасқа келейін. Немере, шөберелерімнің ортасында Райымбек шалыммен отырып шай ішейін", - деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, осыған дейін әнші өзін "кемпір" деп атайтындарға жауап берген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырды.
Жұлдызды жұп жақында сәбилі болады.