Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Нан бағасы тағы өсуі мүмкін", - сарапшы

13.10.2023ж. 20:00
1022
"Нан бағасы тағы өсуі мүмкін", - сарапшы

13 өңірде ұн қымбаттады. Сәйкесінше, кей аймақта нанның бағасы көтеріліп шыға келді. Сарапшылар өсім алдағы уақытта да болады деп отыр. Бір бөлке нан қазірдің өзінде 100-150 теңге тұрады. Әрі қарай баға тағы көтерілсе, жұрт не істейді? Өңірлердегі жағдайды тілшілеріміз жеткізеді.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Дүкенге келіп ұнның, нан өнімдерінің бағасын сұрадық.Бірінші сұрыпты ұнның келісі 900-950 теңгеге жеткен, тағы да өу мүмкін. Ал күнделікті алатын бөлке нан 100-150 теңге, өзге нандар түріне қарай 300-500 теңгеге дейін барады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Нан қымбаттап жатыр. 5 теңге, 10 теңге қосылып жатыр күнде күнде. Қалтаға жетіспейді, кейбіреудің нан алатын ақшасы болмай жатады.
- Ұнның бағасы шарықтап кетті, мен жұмыссызбын. Қазір тоқаштар пісіріп өткізіп жүрмін, өте қиын болып кетті. Дәл қазір ұн алуға шықтым, күн көру керек.
- Ақша көп кетеді, бізде мысалы зарплата көтерілмейді бірақ нанның бағасы көтеріліп жатқаны обидно.

Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда, аса маңызды тауарлар бағасы 3,2% — ға, ал өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 6% -ға өсті. Сарапшылардың айтуынша өсім әлі де күтілуде.

Меруерт МАХМУТОВА, ЭКОНОМИСТ:

Ішкі өндіріс жеткіліксіз импортпен келген товар тенге құнсызданған сайын өсе береді, біз Евразиялық экономикалық одақты құрамыз деп Ресеймен бір одаққа кірдік. Сол Ресейдің инфляциясы да бізге келеді.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Соңғы аптада жұмыртқаның да бағасы өскен. Бір аптада бірден 1.2% көтерілген. Ұн мен жұмыртқаның қымбаттауы, сөзсіз, нан өнімдерінің бағасына да әсер етеді. Шымкентте нан пісіретін наубайхана көп, ондағыдар не дейді бұған? Әріптесім Айзада Төребекқызы жалғастырады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шымкентте ұн қымбаттай салысымен, артынша нан бағасы өсті . Кемінде 10 теңге қосылған. Тандыр нан жабатындардың сөзінше, бір қап ұнды бұрынғыдан 4-5 мың теңгеге қымбат алып жатыр.

Тандыр нанның ең арзаны -140 теңгеден сатылуда. Бір аптада бұрын 130 теңге болған дейді сатушылар. Құрамына қарай бағасы да жоғарылайды.

Жанат ОҢЛАСБЕКОВА, САТУШЫ:

Қымбаттау себебі ұнның қымбаттап жатқаны деп алып келеді әйтеуір әкелетіндер бізге келіп жатқан баға енді сол. Соған біз артық қоспаймыз, аз-маз қосамыз. Сонымен алушылар да сөйлеп кетеді..

Әлеуметтік нанның бағасы да өскен. Бір бөлке нан шағын дүкендер мен базар сөрелерінде 110-120 теңгеден сатылып жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Есептесей, 10 нанды 170 теңгеден алды кеше магазиннен. Білмеймін ғой, арзандатсаңдаршы айналайын, қиын боп кетті, мына ұн да қымбат. Нан да қымбат.
- Айтып жатыр ғой, телевидениенің өзінде айтты: «бізде ұн жеткілікті. Биылдыққа ешқандай қымбаттамайды деп айтты. Енді неге бұл жақтарда қымбат? Қымбат алып жатырмыз. Бір апта бұрын мұндай емес тұғын баға.

Шымкентте ұн қымбаттағалы үш апта болып қалды. Ол кезде атқамінерлер баға бақылауда деген болатын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ал жауаптылар баға тұрақты деуден танбай отыр. Қауымдастықтағылар да жеңілдетілген ұн алатын наубайханалардың қоры жыл соңына дейін жеткілікті екенін жеткізді. Соған қарағанда бағаны бірінші болып өсіргендер қоры аз, шағын нан жабатындар секілді.