Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Қазақстан Қырғызстаннан су алу үшін оларға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын сатады", - министр

13.10.2023ж. 20:00
614
"Қазақстан Қырғызстаннан су алу үшін оларға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын сатады", - министр

Қазақстан көршілес Қырғызстаннан су алу үшін оларға 1,5 млрд киловатт электр энергиясын сатады. Ал, айыр қалпақты ағайын бізге Тоқтағұл су қоймасына тіршілік нәрін жинап бермек. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Ол елімізде 20 су қоймасы салынатындығын айтты.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңғырту, жаңа 20 су қоймасын салу, кемінде 3,5 мың шақырым каналдарды жаңарту мен цифрландыру жоспарлануда.