Бүгін Алматыда «Кітап-AMANAT» жобасының аясында атақты ақын, көпке танымал «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.
«Кітап-AMANAT» жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, жас буынды рухани байытып, кітап оқуға ынталандыратын бірегей жоба. Жаңадан ашылған кітап дүкені сөрелерінен еліміздің атақты авторлармен қоса жас қаламгерлердің шығармаларын таба аласыз. Қазіргі кезде кітапханада 2000-ға жуық көркем туынды бар.
Гүлмайрам БАЙСОВА, СТУДЕНТ:
Осы Кітап-Аманат жобасы сол Отандық авторлар мен олардың шығармаларын қолдауға үлкен мүмкіндік береді. Кітап-біздің басты байлығымыз. Кітап негізі бізді рухани жағынан дамытып ғана қоймай, тәлім тәрбие ала-аламыз кітап оқу арқылы.
Оқырмандар ақынмен пікір алмасып, сұрақтарын қойды. 100-ге жуық студент демеушілердің есебінен 5 мың теңгелік сертификат алды. Оған «Кітап-AMANAT» дүкенінен кітап ала алады. Жоба аясында жыл соңына дейін тағы 10 кітап-дүкенін ашу жоспарланған.
Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, АҚЫН:
Кітап-Аманат ұлттық рухани өсуге, сауығуға қарай бет алған үлкен жоба. Сондықтан кітап жинап алып өтетін кітаптарды, заманға сай кітаптарды, жастарға тәрбие беретін, жастардың интелектуалдық деңгейін көтеретін кітаптарды іздеп жатырмыз, жинап жатырмыз. Кітапты көбейтін, кітап оқитын халықты көбейтіп, кітапқа деген ынтаны көбейтіп, халықтың деңгейін, рухани қуатын арттыруға күш салып жатырмыз.