Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбелік тарихшылар Әбілқайыр ханға қатысты жаңа кітап шығаруды ұсынып отыр

13.10.2023ж. 20:00
1159
Ақтөбелік тарихшылар Әбілқайыр ханға қатысты жаңа кітап шығаруды ұсынып отыр

Биыл қолбасшы, батыр, кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл. Осыған орай Ақтөбеде ауқымды шаралар өтіп жатыр. Соның бірі-ғылыми конференция. Жиында ғалымдар Әбілқайыр ханға қатысты тың деректер айтты. Болашақта оларды жинақтап, жаңа кітап басып шығаруды көздеп отыр.

Әбілқайыр хан- қазақ тарихындағы шоқтығы биік тұлға. Ел басына күн туғанда үш жүздің басын біріктіріп, жауға тойтарыс берген қолбасшы. Оның тұлғасы ұзақ жылдар бойы зерттеліп, зерделеніп келеді.

Серік ӘЖІҒАЛИ, ТАРИХ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Ол жақындарына « Мен өлгеннен кейін осы жерде жерлендер» деген өсиет қалдырған екен. Әрине ол жер қорымға келіңкіремейді.Бірақ десе де сол жерде Әбілқайыр ханның жерленгені ұзақ жылғы зерттеулерден кейін анықталды.

Ғылыми конференция аясында Бопай ханымның Ресей мұрағаттарынан табылған жаңа хаттарындағы тың деректер талқыланды. Сондай-ақ, Әбілқайыр ханның қазақ -орыс, қазақ-қалмақ, қазақ-башқұрт және жоңғар елдерімен қарым –қатынасы тереңінен зерделенуде.

Бекарыстан МЫРЗАБАЙ, ӨЛКЕТАНУШЫ-ТАРИХШЫ:

Ол кіші жүзге хан боларға бұрын башқұрттарға хан боларға дейін Хуада сайланған деген деректерде табылып жатыр. Әзірге біз Ресей империясының өз саясатына ыңғайлы архивтерімен ғана таныспыз. Ташкенттегі, Хуа, Бұқарадағы Әбілқайырхан хан болып алғашқы сайланған құжаттарға әлі қолымыз жеткен жоқ.

Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылар Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» мемориалдық кешеніне барып баба рухына тағзым етіп, ас берді. Сонымен қатар Есет батыр мөлтек ауданындағы көшеге Бопай ханымның аты берілді.