Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстандық шахматшы Карлсенді жеңді

AstanaTV
13.10.2023ж. 20:00
874
Қазақстандық шахматшы Карлсенді жеңді

Шығарылымды күтпеген және жағымды жаңалықтардан бастайық. Қазақстандық шахматшы әлемнің үздігі саналатын Магнус Карлсенді жеңді.

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохадағы Qatar Masters Оpen-нің екінші турында апсет жасады. Fide әлемдік рейтингінде Сүлейменов 528-ші орында, ал Карлсон бірінші орында тұрған.

Қазақстандық шахматшы өзінің жеңісі туралы былай деді: «Не сезініп тұрмын», - дейсіз бе? Еш жауабым жоқ. Әлі де бұның шын екеніне сене алмаймын. Ойын алдында егер тең ойнасам керемет болады, - деп ойладым. Тіпті жаттықтырушым да осылай деген».
Әлішер Сүлейменов былтыр Қазақстан құрамасында шахмат олимпиадасында ойнады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ КАРЛСЕНДІ ЖЕҢДІ
Әлішер Сүлейменов – шахматшы «Не сезініп тұрмын», - дейсіз бе? Еш жауабым жоқ. Әлі де бұның шын екеніне сене алмаймын. Ойын алдында егер тең ойнасам керемет болады, - деп ойладым. Тіпті жаттықтырушым да осылай деген».

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Братиславада өткен "Челленджер" сериясының турнирінде жұптық разрядта екінші матч өткізді. Украиналық спортшы Денис Молчановпен жұптасқан қазақстандық теннисші беларусь-украин дуэті Иван Лютаревич - Владислав Манафовты жеңді. Біздің жұп 3 сетте 6:7, 7:6, 17:15 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.
Матч ширек финал кезеңінде өтті. Айта кетейік, ойын барысында қазақстандық және украиндық теннисшілердің дуэті сегіз эйс орындап, бірде-бір қателік жіберген жоқ.

ГОЛУБЕВ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Севильяда Еуро-2024 іріктеу матчы өтті. Испания өз алаңында Шотландияны 2-0 есебімен жеңді. 74-минутта Альваро Моратаны және 86-шы минутта Ойан Сансет мергендіктерімен көзге түсті. Айта кетерлігі, бұл жеңіліс Шотландия үшін іріктеу кезеңіндегі 6 ойын бойынша алғашқы болды. Шотландықтар 6 матчта 15 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастауда. Испандықтар 5 ойында 12 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

Тағы бір іріктеу матчында Хорватия мен Түркия құрамалары кездесті. Ойын барысында хорваттар басымдық көрсеткенімен, матч 1:0 есебімен түріктердің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды Барыш Йылмаз соқты. Түркия құрамасы 6 матчта 13 ұпай жинап, бірінші орында тұр. Хорватия құрамасы 5 ойыннан кейін он ұпаймен екінші орында.

Арменияны өз алаңында жеңген Латвия құрамасы футбол жанкүйерлеріне тағы бір таңғаларлық жаңалық сыйлады.
Ойында Армения басымдық көрсетті. Бұған дейін ол 5 матчта 7 ұпай жинады. Латвия осы кездесуге дейін барлық матчтарда жеңіліп, 3 ұпаймен соңғы, бесінші орында тұр. Айта кетейік, матчта армян командасының капитаны "Астананың" қорғаушысы Вараздат Ароян болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі Еуропа чемпионы - Еуро-2020 финалында пенальти серияда Англияны жеңген Италия құрамасы.
Испания (Испания – Шотландия)
Хорватия (Хорватия – Түркия)
Латвия (Латвия – Армения)

ЕУРО-2024 ІРІКТЕУ МАТЧТАРЫНА ШОЛУ
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің 3-ші кезеңінде Бразилия құрамасы Венесуэламен тең түсті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Матчтағы алғашқы голды бразилиялықтар соқты. 50-минутта Неймар Габриэль Магальянсқа нәтижелі пас беріп, қорғаушы Магальянс қақпаға дөп түсті. Бірақ 85-минутта венесуэлалықтардан Эдуард Бельо көзге түсті.

Үш турдан кейін Бразилия жеті ұпаймен екінші орында. Венесуэла төрт ұпаймен алтыншы орында тұр. Кестеде Аргентина құрамасы көш бастап тұр.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл соңғы кезеңде бірден 48 команда қатысатын алғашқы мундиал.

БРАЗИЛИЯ ВЕНЕСУЭЛАМЕН ТЕҢ ТҮСТІ

АҚШ-тың допингке қарсы агенттігі USADA UFC-мен ынтымақтастықты тоқтататынын жариялады. Шешім ирландиялық Конор Макгрегордың октагонға оралуы туралы жаңалықтың мәлім болғанынан кейін қабылданды. Биыл тамыз айының басында Макгрегор 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде американдық Майкл Чендлерге қарсы жекпе-жек болады деп жариялаған болатын.
Макгрегор мен Чендлер ULTIMATE FIGHTER реалити-шоуының соңғы маусымында спортшылардың тәлімгерлері ретінде бір-бірімен жек-жекпе жекке шығуы керек еді.

Алайда кейінірек ирландиялық оған күресуге тыйым салынғанын хабарлады. Спортшы Дастин Порьеге қарсы соңғы жекпе-жектегі жарақатынан кейін әлі де толық спортқа оралмады. Сондай-ақ, 2023 жылы Макгрегор бірде-бір допинг-тест тапсырған жоқ.

ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ АГЕНТТІК UFC-МЕН СЕРІКТЕСТІГІН ТОҚТАТТЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)
Winline қосымшасын жүктеп алыңыз
5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда
5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!
Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.