$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Заң жұмыстың ашықтығына кепілдік береді»: AMANAT депутаты активтерді Қазақстанға қайтару туралы

AstanaTV
13.10.2023ж. 16:58
727
«Заң жұмыстың ашықтығына кепілдік береді»: AMANAT депутаты активтерді Қазақстанға қайтару туралы

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Бәшімов өткен аптада «AMANAT» фракциясындағы әріптестері атынан Парламент қабылдаған «Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы» заңға қатысты сауалын жолдады. Партия алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан мәжілісмен Үкімет пен Бас прокуратураның халық үшін маңызы зор осы заңды жүзеге асыруда не істеп жатқаны туралы айтып берді, себебі заңды іске асыру тетіктерін білмейтін және түсінбейтіндер қатары әлі де аз емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, заңда активтерді қайтарудың нақты құқықтық тетіктері қарастырылған. Ең бастысы – заң.

«Активтерді қалпына келтіру жұмыстары аясында барлық ықтимал ақпарат көздері ескерілетін болады. Соның ішінде БАҚ, азаматтық қоғам және халық бар. «AMANAT» партиясының барлық ресурсы – қоғамдық қабылдаулар, депутаттармен кездесулер, Партиялық бақылау комиссиясы және т.б. жұмылдырылып отыр», - деді депутат.

Марат Бәшімов заң активтерді қайтару бойынша жұмыстың ашықтығына, оның әрекетіне жататын барлық тұлғаның құқықтары мен мүддесінің әділ қорғалуына кепілдік беретінін айтады.

«Активтерді қайтару туралы заң осы саладағы халықаралық стандарттарға, еуропалық конвенцияларға, Қазақстан Конституциясына сәйкес келеді. Ал заң бойынша комиссия мен қайтару комитетінің құрылуы – заңды тиімді жүзеге асырудың кәсіби талабы. Заң активтерді заңсыз иемдену мен алып қоюға ықпал ететін жағдайларды жояды», - деді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, заңның көптеген тұсы бар, бірақ ең бастысы – ол жұмыс істей бастады, енді қоғамдық және парламенттік бақылау қажет.

«AMANAT» партиясы заңсыз капиталды қайтарудың құқықтық тетіктерін объективті түсіну үшін журналистерді жинап, өз тұғырнамасында көп жұмыс атқарды. Сондықтан жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр», – деп түйіндеді сөзін Марат Башимов.

Еске салайық, биылғы 12 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы» заңға қол қойған болатын. Бұл құжат әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сондай-ақ болашақта мұндай активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға арналған. Айта кетерлігі, заңды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүйелі әрі кәсіби жұмыс жүргізген «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары әзірлеген. Заңның барлық нормасы нақтыланып, іске асыруға дайын.