Қызылорда облысында 8 адам сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында қызылордалық полицейлермен тиісті жұмыстар атқарылған.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында бірнеше акция өткізілген.
Нәтижесінде 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын- жайдан тыс жерде жүрген 4700 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе–барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін ырықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түн мезгілдерінде орын алатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіліп жүр.