Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Израильдегі қақтығыстарда Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы ақпарат жалған – СІМ

AstanaTV
15.10.2023ж. 19:27
653
Израильдегі қақтығыстарда Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы ақпарат жалған – СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі қақтығыстардан Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы ақпарттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Израиль Қорғаныс армиясы ХАМАС ұйымының 7 қазандағы шабуылынан қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтардың тізімін жариялаған болатын.

Олардың арасында Қазақстанның бір азаматы бар екені көрсетілген.

Алайда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.