Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«102% қымбатқа бағалаған»: Алматы облысында шенеуніктер жоғары бағамен тендер жариялаған

AstanaTV
16.10.2023ж. 15:52
477
«102% қымбатқа бағалаған»: Алматы облысында шенеуніктер жоғары бағамен тендер жариялаған

Алматы облысында шенеуніктер жалпы құны 20 миллион теңгеге жуық техниканы жоғары бағамен сатып алғысы келген. Бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың жолын өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы бір данасы үшін 497 265 теңге бағасымен 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңге бағасымен 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңге бағасымен 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялаған.

«Бұл ретте аталған тауарлардың орташа құнының мониторингі барысында бағалар тиісінше 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды. Антикордың араласуынан кейін жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған басқарманың шенділері енді тендерді нарық құнына сай реттеген соң ғана қайта жариялай алады.