$498.34 €519.72 ₽4.85
×

“Ол жігітті ұнатпаймын": Сара Амангелді әнші Тұрар Ыдырыс туралы ойын ашық айтты

AstanaTV
16.10.2023ж. 21:27
4439
“Ол жігітті ұнатпаймын": Сара Амангелді әнші Тұрар Ыдырыс туралы ойын ашық айтты

Соңғы кездері әлеуметтік желіде Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың бірге түскен бейнежазбалары тарап кетті. Әнші “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында өнердегі әріптесі Тұрар Ыдырыспен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сараның айтуынша, желіде тараған бейнежазбалар фильм түсірілімі кезінде түсірілген.

“Бұл кино қоғамдағы әңгіме, ата-аналардың тойға дайындығы жайында болмақ. Мен күйеуге шығып жатқан қыздың рөлін сомдаймын. Тұрар екеуміз бұған дейін таныспаған едік. Оны сырттай өзінше деп ойлайтынмын. Кешір, бірақ мен мұны өзіне де айтқанмын. Кейін Тұрар түсетінін білгенде қуандым. Ыржалаң, ыртың-жыртың деген нәрсені істегім келмейді. “Ол жігітті ұнатпаймын” деп кесіп айтқым келмейді. Бәрі мүмкін. Оның басы бос. Бірақ екеуіміздің арамызда тек сыйластық бар”, – дейді әнші.

Өнер иесі жұмыс пен жеке өмірді араластырғысы келмейді.

“Жұмысқа ғашық боп барғым келмейді. Ол жұмыс барысында кедергі келтіреді. Тұрар болсын, басқа болсын, қарым-қатынас құруға дайынмын. Жанымды түсінетін, қолдайтын, әкеме ұқсайтын қамқор жан керек деп ойлаймын. Жан дүнием тыныштық тауып, реттелген кезде Құдай ойыңдағы адамды жолықтырады деп сенемін”, – дейді Сара.

Сондай-ақ ол болашақта Тұрармен дуэт айтқысы келетінін жасырмай айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Сара Амангелді күйеуі қаласа өнерден бас тартуға дайын екенін айтқан болатын.