$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында 15 жастағы қызды 6 жерінен пышақтап кеткен

16.10.2023ж. 20:00
1018
Алматы облысында 15 жастағы қызды 6 жерінен пышақтап кеткен

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында сұмдық оқиға болды. 15-тегі жасөспірім қызды 23 жастағы жігіт жауыздықпен 6 жерінен пышақтап, соққыға жыққан. Қыз қансырап жатқан күйінде үйінің жанынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті-кездесіп жүрген жігіті. Ол мұндай әрекетке қызғаныштан барған көрінеді. Зардап шегуші қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Тимур ҚҰРБАНБАЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Науқасқа шұғыл ота жасалды. Операция кезінде байқағанымыз оң жақ бауырының зақымдануы, асқазанының зақымдануы, үлкен іш майының зақымдануы, үлкен іш майының тамырларының зақымдануы және париталды брюшинаның зақымдануы байқалды. Операция шұғыл түрде жасалынып, қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр.

Оқиғаға қатысты тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ғалым НАРИМАНҰЛЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-ші бабының үшінші бөлігі, 99-бабының екінші бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.