$525.87 €614.37 ₽6.72
×

"Бәйтерек DEVELOPMENT" топ-менеджерлері парамен ұсталды...

AstanaTV
19.11.2016ж. 20:00
1842
 "Бәйтерек DEVELOPMENT" топ-менеджерлері парамен ұсталды...

Бейсенбінің кешінде Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары парамен ұсталғанын хабарлады. Компания төрағасының орынбасары Жақыпов және екі лауазымды қызметкері Әйтімбетов пен Сариев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақтардағы жалға берілетін үйлерді салатын құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алып келген. 13 компаниядан. Орал, Көкшетау, Атырау, Тараз, Талдықорғанда үй салып жатқандар. Бейсенбіде олар кезекті рет пара алып жатқан жерлерінен ұсталған. 28 млн теңгені Павлодарда екі 9 қабатты үйді 3,4 млрд теңгеге тұрғызатын Project City Group ЖШС –і берген. Жақыповтар «біткен іске актіге кедергісіз қол қойып береміз»,- деген. Project City Group-ң құрылтайшылары мен жетекшілері де ұсталған. 

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жақыпов деген кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі, Парламент Мәжілісінің Төрағасы болған, қазір Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы – Аслан. Өзі бұл қызметке биыл көктемде тағайындалыпты. Бұл комментарийді қажет етпейтін -  керісінше, болмыс пен қалыпты –тіршілікті суреттейтін «керемет» картина...