Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«AMANAT» партиясы зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсететін 111 байланыс орталығын іске қосты

16.10.2023ж. 20:00
701
«AMANAT» партиясы зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсететін 111 байланыс орталығын  іске қосты

Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсететін 111 байланыс орталығы іске қосылды. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды тапсырған еді. Президент пәрменін орындау үшін «AMANAT» партиясы отбасы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын желіні мемлекеттік деңгейге көтерді. Партияның байланыс орталығы бұған дейін де халыққа қол ұшын тигізген. Үш жылда шұғыл қызмет мамандары 50 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетті.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мемлекет басшысының биылғы қыркүйектенгі Жолдауында бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды, зорлық-зомбылықты, буллингке тап болған азаматтарға көмектесуге арналған бағдарлама жасау бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай «111 – AMANAT» жедел желісі мемлекеттік төтенше жағдайлар бірыңғай қызметінің тізіміне еніп отыр. «111 – AMANAT» шұғыл қызметінің іске асуы бойынша Цифрлық министрлік пен ҚР балалардың құқығын қорғау жөніндегі өкілімен бірлесе меморандумға қол қойып, елге қызмет етуіне бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз.