Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бұрынғы Шнет ауылынан Торпақ бидің бейіті табылды

16.10.2023ж. 20:00
489
Бұрынғы Шнет ауылынан Торпақ бидің бейіті табылды

Торпақ бидің бейіті табылды. Тарихи орынды Целиноград ауданы, Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округіне қарасты бұрынғы Шнет ауылының тұрғындары анықтаған. Ол маңда бұдан өзге 1414 жылғы зираттар да бар. Таста бидің 1842 жылы қайтыс болғаны жазылған. Енді бейіт тарихи нысан ретінде қорғалады.

Жақия ЖЫЛҚЫБАЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ТІЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өзімнің әкем, Абай әкем қайтыс боларында айтып кетті. Осы жерде би бар, соны барып қараңдар деп. Ісім түсіп, биыл келіп қарадым. Қараған кезде тас табылды. Тасты алып перевод жасадық. Сол жерде Торпақ бидің жатқаны шықты.

Жасұлан УКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ ТАРИХИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Топрақ бидің ұрпақтары арнайы қор ашамыз дейді. Мәдени мұрамыздың, тарихымыздың қатарына еніп, өзіміздің болашақ ұрпақты тарихи тұрғыда тәрбиелеуге үлесі тиеді деген ойдамыз да айтылды.