$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанды

AstanaTV
18.10.2023ж. 20:00
679
Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

Бүгінгі шығарылымды жағымды жаңалықтан бастаймыз! Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Хельсинкиден маңызды үш ұпайды алды.

Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында өткен Финляндия Қазақстан матчынан футбол жанкүйерлері тек жеңіс күтті! Бірінші таймда финндік ойыншылар басымдық танытып, Роберт Тэйлор есепті ашты. Ойынның екінші жартысында Магомед Адиевтің футболшылары намысты қолдан бермей, 76-минутта Бешикташ ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов пенальтиді сәтті орындады. Ойынның соңында финдіктер есепті еселеуге тырысқанымен ештеңе шықпады. Керісінше Бахтиер Зайнутдинов ойынның соңғы минутында гол салып, дубль авторы атанды.

Осылайша Магомед Адиев шәкірттері Н тобында 15 ұпай жинап, Еуропа Чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ұлттық құрама енді Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы ойнайды.

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Финляндияға қарсы ойында дубль жасап, ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Оған дейін Руслан Балтиев 13 голымен көш бастап тұрған еді. Естеріңізге сала кетейік, Балтиев қазір ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабында.

Қарсыластарының қақпасына 14 гол салып үлгерген Бахтиер бұл туралы былай дейді:

«Мен өте қуаныштымын. Шынымды айтсам бұл туралы ойламадым да. Мақсатым – бүгінгі ойында жеңу. Руслан «егер менен озсаң, сені мейрамханаға апарамын», - деді. Мен қуаныштымын. Ең бастысы жеңдік».

ЗАЙНУТДИНОВ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕН

«Мен өте қуаныштымын. Шынымды айтсам бұл туралы ойламадым да. Мақсатым – бүгінгі ойында жеңу. Руслан «егер менен озсаң, сені мейрамханаға апарамын», - деді. Мен қуаныштымын. Ең бастысы жеңдік».

Осы жеңістен кейін ұлттық құраманың бас бапкері ойын туралы өзінің ойын айтты.

«Біз матчты өзіміз қалағандай өткізе алмадық. Финдер бізден гөрі белсенді және сапалы ойын өрнегін көрсетті. Бізде алаңның ортасында проблемалар болды. Біз айып добынан гол жіберіп алдық, бірақ бірінші таймның соңында ойынды теңестіре алдық. Үзілісте мен сол бағытта ойнауды жалғастыру керек екенін атап өттім. Екінші таймды біз қауіпті сәттерді құруда әлдеқайда жақсы өткіздік деп санаймын. Сондықтан біз қажетті нәтижеге қол жеткіздік».

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Сондай-ақ, Финлядия құрамасының жаттықтырушысы Маркку Канервада құраманың жеңілісі туралы өзінің ойын айтты.

«Матч толығымен бақылауда болды. Мұндай жеңілістер ешқашан болмауы керек. Тағы бір гол соғу керек еді. Бұл, әрине, өзгеріс енгізер еді. Бірақ бәрі жоспарға сәйкес келмеді. Бокс тілімен айтсақ: Словенияда бізді әбден соққылады. Қазір біз көтеріліп бара жатқан сияқты едік, бірақ нағыз нокаут соққысы болды. Енді біз жиналып, наурыз айында плей-офф ойындарына дайындықты бастауымыз керек»

ФИНЛЯНДИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Сонымен қатар Еуро- 2024 іріктеу матчында Англия құрамасы Италияны жеңіп, тікілей Германияға жолдама алды. Харри кейіннің дублі мен Маркус Рэшфордтың голының арқасында ағылшындықтар жеңіске жетті.

Ал Мальта құрамасы Украинадан жеңіліп қалды. 3:1 есебімен аяқталған ойында «Челсидің» ойыншысы Михали Мудряк қарсыласта қақапасына әдемі гол салды.

Енді Украина құрамасы Италиялықтармен бірге топтың екінші орны үшін таласады.

Қазақстанмен бір топта өнер көрсететін Сан-Марино мен Дания құрамалары да тартысты ойын көрсетті. Есепті 42 минутта даниялықтардың шабуылшысы Хойлунд ашты. Ойынның екінші бөлігінде Голинуччи есепті теңестіре алғанымен 70 минутты Поульсен Дания құрамасына жеңіс әкелді. Естеріңізге сала кетейік Н тобында Дания көш бастап тұр.

Сонымен қатар, G тобында Сербиялықтар 3:1 есебімен Черногорияны ұтты. Енді сербиялықтар Болгариямен ойнаса, Черногория Лива мен Венгрия құрамаларына қарсы ойын өткізеді.

G тобында тағы бір тартысты ойын өтті. Литва мен Венгрия құрамалары тең түсті. Есеп 2:2. Венгриялықтар топта көш бастап тұр.

21 ғасырдың үздік жаттықтырушылардың бірі Жозе Моуринью мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады. Бас бапкерге «қалтасын қалыңдататындай» келісімшарт жасалды дейді.

Журналист Руди Галетти өзінің инстаграм парақшасында былай деп жазды:

«Әл-Хиляль» командасы Жозе Моуриньюмен хабарласты. Енді екі тарап бір-бірімен келісуде. Жозе «Ромамен» келісімшартын ұзартпайды. Сауд Арабиясының клубы оған қомақты қаражат беретін болады»

ЖОЗЕ МОУРИНЬЮ САУД АРАБИЯСЫНДА МАНСАБЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

«Әл-Хиляль» командасы Жозе Моуриньюмен хабарласты. Енді екі тарап бір-бірімен келісуде. Жозе «Ромамен» келісімшартын ұзартпайды. Сауд Арабиясының клубы оған қомақты қаражат беретін болады»

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желісінде екінші орта салмақтағы Мексикалық абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады.

«Сендер менің дайын екенімді білесіңдер. Егер «Канело» дайын болса, мен ақпан айында онымен жекпе-жекке дайынмын. Маған төрт белбеу керек. Мен оны оңай нокаутқа түсіре аламын»

Айта кетейік, 15 қазан күні қазақстандық боксшы алтыншы раундта неміс спортшысы Винченцо Гуальтиериді техникалық нокаутқа жіберген кезде IBF екінші титулын жеңіп алды.

ӘЛІМХАНҰЛЫ КАНЕЛОНЫ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ

WBO, IBF БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Экранда х5 бөлімінің алдыңғы ойындардың нәтижесі көрсетілген, барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді..