Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Арманда» халықаралық форумының жетекшілері бүгін Түркістан облысы әкімінің қабылдауында болды

«Арманда» халықаралық форумының жетекшілері бүгін Түркістан облысы әкімінің қабылдауында болды

Белгілі медиа менеджер Арман Давлетяров пен танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бастаған топ бүгін Түркістан облысы әкімімен кездесіп, отбасы құндылығын дәріптеу, бала тәрбиесі мен тұлғалық даму мәселерін көтеретін жаңа бастаманың басты мақсаттарымен бөлісті. Бизнес-форум аясында танымал қазақстандық сарапшылар қазір өңірлерді аралап жүр. Мақсат - білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша салауатты пікірталас алаңын құру. Арман Давлетияров бұл жиынның жастарға берері мол деп есептейді. Ал қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі жөнінде сөз қозғаған Ләйлә Сұлтанқызы іскер қыз-келіншектердің көбейіп жатқаны қуантады деді.

Ләйла СҰЛТАНҚЫЗЫ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы өңірдің өзін зерттеп алып қарағанда «Атамекен» арқылы болсын, басқа да мәліметтерді бір шолу жасап шықтым, осы өңірдің өзінде өзінің ісінің мамандары өзі кішкентай бизнесін үлкен іскер әйелдерге айналған қыз-келіншектер өте көп екен. Бұл дегеніміз елде мысалы мүмкіндік жасалып жатқаны. Ер азаматтармен қатар тепе-тең өзінің бизнесін жүргізе алатыны. Және де оған ешнәрсе кедергі емес екеніне мен таңқалып отқан жоқпын, бірақ десе де сондай мүмкіндіктің бар екенін көрдім.