Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодарда жасы қырыққа таяған ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды

AstanaTV
19.10.2023ж. 09:31
600
Павлодарда жасы қырыққа таяған ер адам алғаш рет туу туралы куәлік алды

Ер адам оңалту орталығына жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың тамыз айында Павлодар қалалық балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығы базасында жұмыс істейтін «Бақытты отбасы» орталығына 1987 жылы туған Василий Абадовский жүгінген.

«Василийдің азаматтығы жоқ, өмірлік қиын жағдайға тап болған және оған көмек қажет болды. Сондықтан ол балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына жүгінді», – дейді бөлімде.

Василий Абадовский орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Мәдина Молдакелдинованың көмегімен алғаш рет туу туралы куәлігін алған.

Бүгінгі таңда азаматтықты анықтау және жеке куәлікті рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.