$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Атырауда күрделі жөндеу жүріп жатқан 10 мектептің жартысы уақытында аяқталмайды

19.10.2023ж. 20:00
662
Атырауда күрделі жөндеу жүріп жатқан 10 мектептің жартысы уақытында аяқталмайды

Атырауда күрделі жөндеу жүріп жатқан 10 білім ордасының жартысы уақытында аяқталмайды. Оның кейбіріндегі жөндеу жұмысы былтыр басталған. Алайда мердігерлер түрлі сылтауды алға тартып, әлі созбаңға салып келеді. «AMANAT» партиясы орталық аппараты өкілдері партияның жол картасына енген білім ордаларын аралап, мәселесімен танысты. Нөмірі 19-шы мектеп-гимназиясы алқам-салқам күйде жатыр. Жылу, жарық, кәріз жүйесі әлі қосылмаған. Жоспар бойынша қарашаның аяғында тапсырылуы тиіс. Жөндеуге бөлінген 446 млн теңгенің жартысына жуығын игерген. Ала жаздай істелмеген жұмысты 15 күнде бітіреміз,- деп уәдені үйіп-төкті. Бұдан бөлек Исатай, Жылыой ауданы мен Атырау қаласындағы 5 ғимараттағы күрделі жөндеу кестеден қалып келеді. Мұның басты себебі – бас мердігерлердің жауапсыздығы ,- дейді әкімдік өкілдері.

Жансұлу БАЙМЕНОВА, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Отопление, водопровод, канализация жұмыстары 10-15 күн ішінде біту қажет. Маусым айында бастадық құрылыс жұмыстарын. Бірақ бізде 3 рет тапсырыс берушілер өзгергендіктен біраз жұмыс тоқтаңқырап қалды.

Тілекқабыл БАЙДОШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мына жерде мәселе болып тұрғаны жеңіп алған жеңімпаздар басқа регионнан болып отыр. Субподрядқа беріледі, басты мердігер субподрядты нақты қадағаламайды. Сол мәселеден болып отыр. Ұтқан компания жергілікті компания болмағандықтан басқа жақтың компаниясы болмағандықтан жаны ашып қарамайды. Бас мердігерге ақша аударылады, қосалқы мердігерге ақша уақытылы берілмейді. Сол себептен субподряд уақытында жұмыс жасамайды.

Сондай-ақ шаһарда 6 мектепте асхана жоқ. Оқушыларға тамақ тасымалданады. Нөмірі 15-інші мектепте қосымша асхана құрылысы басталғанына 8 жылдан асқан. Пайдалануға беріп үлгермей, қабырғалары жарылып, төбесінен су кетіп, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Ол үшін тағы 100 млн теңге керек. Партия өкілдері аудан мектептеріндегі жөндеумен де танысты. Осылайша өңірдегі жағдайды тиісті органдарға жеткіземіз,- деп отыр.

Айжан ЫСҚАҚОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМАТЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Тапсыру мерзімі қараша айында болса да жөндеу аяқталмайтынын көріп отырмыз. Өйткені мердігер компаниялармен, құрылыс материалдарын жеткізуде проблемалар бар. Тіпті кей мектептерде жасалған жұмысты қабылдап алатын, бірге жүретін мектеп директорлары жоқ. Осы жағдайлардың барлығы тапсыру мерзімінің кешігуіне әкеліп отыр. Салдарынан үш ауысымдық оқыту проблемасы шешілмейді. Жүйелі жұмыс жүргізілмегендіктен партиялық бақылау комиеті отырысында көтеретін боламыз, тиісті мемлекеттік органдарға жеткіземіз.