Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы облысы Долан ауылында 200 оқушы жалдамалы жеке тұрғын үйлерде білім алып жатыр

19.10.2023ж. 20:00
1185
Алматы облысы Долан ауылында 200 оқушы жалдамалы жеке тұрғын үйлерде білім алып жатыр

Алматының іргесіндегі Долан ауылында 200 оқушы жалдамалы жеке тұрғын үй ғимаратында білім алып жатыр. Өйткені елдімекенде мектеп жоқ. Бұл мәселені шешу үшін биыл мұнда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 1200 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Бүгін партия мүшелері сайлауалды бағдарлама аясында іске асып жатқан осы және Қарасай ауданындағы басқа да нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Долан ауылындағы 70 орындық жалғыз бастауыш мектеп былтыр апатты деп танылып, жабылып қалған. Содан бері 202 оқушы жеке тұрғын үйлердің қуықтай бөлмелерінде үш ауысыммен білім алуға мәжбүр. Ал жоғарғы сынып оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқиды.

Қаныбек АЙТЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Енді осы мектеп салынғаннан кейін түбегейлі осы жердегі мәселе шешіледі. Ауданда бізде 8 мектеп бүгінгі таңда үш ауысымдық. Және осы үш ауысымдықты жою бойынша ауданымызда үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2023-2024 жылдары 10 мектеп салынады деп жоспарлап отырмыз.

«Доландағы құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында аяқталады деп сендірді» мердігерлер. Бұл -«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан заманауи білім ордасы.

Қасым РАХИМБЕКОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ:

Бұл жобаны көктемде әзірледік. Құрылыс - монтаждау жұмыстары тамыз айында басталды. Біз сапаға аса қатты мән береміз. Мәселен, мұндағы топырақ борпылдақ. Қазір оны тығыздап жатырмыз. Сонда салынып жатқан ғимарат уақыт өте шөгіп қалмайды. Нысанды мерзімінен кешіктірмей тапсырамыз деп сенеміз.