Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбе тұрғыны ауылға қонаққа барып, өзгенің көлігін ұрлап кеткен

AstanaTV
19.10.2023ж. 23:36
1722
Ақтөбе тұрғыны ауылға қонаққа барып, өзгенің көлігін ұрлап кеткен

Ауылына қонаққа барған ақтөбелік өзгенің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алға ауданының полиция бөліміне 31 жастағы азамат Ваз-2110 автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданды.

«Есет батыр ауылының тұрғыны көлігін түнде аула сыртына қойып, таңертең орнынан таппай қалған», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Ақтөбе қаласының 36 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталып, ұсталды. Автокөлік иесіне қайтарылды.

«Анықталғандай, сол күні күдікті ауылға қонаққа барған және алкогольдік ішімдік ішкен. Ақтөбе қаласына қайтуға такси таппаған ол таңға жуық көшеде тұрған Ваз-2110 автокөлігін байқаған. Көлік иесі көлігінің есігін бекітпей, кілтін де ішінде қалдырған», – делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз айдап кету) қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.