Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Науқастарды қорлаған студент: Елорда сотында зардап шеккендердің туыстары сөз алды

AstanaTV
19.10.2023ж. 18:50
695
Науқастарды қорлаған студент: Елорда сотында зардап шеккендердің туыстары сөз алды

Медициналық ЖОО студентінің қолынан зардап шеккендердің туыстары сотта оқиғаның егжей-тегжейін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қазанда елордада медицина саласында оқып, ауруханада тәжірибеден өткен кезде заңсыздыққа барған студентке қатысты сот процесі басталды. Ол науқастарды мазақ етіп, видеоға түсірген.

"Менің анамның бетінде көгерген орын болды, қасының маңында. Ол не болып жатқанын білмейді, есін жоғалтқан. Ол 30 жыл бұрынғы басқа әлемде өмір сүреді, қазір жоқ адамдармен өз-өзімен сөйлесіп жатады. Ол мені де танымайтын", – деді құрбан болғандардың бірінің қызы.

Жәбірленушінің қызы видеоны көрген. Онда студент анасының аузына памперс тығып, "тамақтандырады". Әйел адам байлаулы жатқан. Ол мейілінше оны мазақ етіп, боксқа арналған қапты ұрған секілді ұрып, аяғындағы тәпішкесін де сілтейді. Оның айтуынша, бұдан кейін ұйқысынан айырылған.

Хосписте анамның мінез-құлқы өзгерген, - дейді ол.

"Анам ер адамдардан қорқып, оларды көрсе қолын сермей беретін. Енді оның бұл әрекетінің мәнісі белгілі болды", – деді жәбірленушінің қызы.

Сондай-ақ сотта аутизммен ауыратын баланың анасы сөз сөйледі. Ол ұлының оңалту орталығына барудан қорқатынын жеткізді.

"Видеоны мен де көрдім, сотталушы ұлымды мазақ етіп, оған біресе "отыр", біресе "тұр" деп бұйрық береді. Саусағын шалбарынан сыртынан құйрығының тесігіне тыққан кезі де болды. Одан соң бала жылады. Баламның құсқан кезін де видеоға түсірген. Содан кейін ол маған "Балаңызға тым көп тамақ бересіз, сондықтан ол құсты деп ақталды", – дейді зардап шеккен баланың анасы.

Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

"Мен айыптаулармен толықтай келісемін және өз кінәмді мойындап, істеген ісіме өкінемін. Қылмыстық істе көрсетілген дәлелдерге қарсы дауым жоқ. Істеген ісіме өкінемін", - деді сотталушы.

Жәбірленушілердің өкілдері сотталушыға моральдық шығынды өтеу тұрғысында талап қоятындықтарын мәлімдеді.

22 жастағы медициналық ЖОО студентіне қатысты тергеу бірнеше айға созылды. Осы уақыт ішінде ол үй қамағында болды. Жас жігіт науқастаржы азаптады деп күдікке ілінген. Ол дерті ауыр науқастар мен балаларды мазақ етіп қана қоймай, соның барлығын камераға түсірген. Хоспистегі науқастардың көпшілігі деменцияға шалдыққандар. Студент науқастардың осы дәрменсіз жағдайын пайдаланған. Егде жастағы адамдардың денесінен көгеру орындары байқала бастағаннан кейін жас жігіт жұмыстан шығарып жіберген. Одан кейін ол аутизмі бар балаларды оңалту орталығындағы науқастарды қорлауға көшкен.

Іс ҚР ҚК-ның 110-бабының 2-бөлігі, "Азаптау" бабы бойынша қозғалды. Егер студент кінәлі деп танылса, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.