Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Lufthansa» ұшқыштары ереуілге шықты

AstanaTV
22.11.2016ж. 20:00
2309
«Lufthansa» ұшқыштары ереуілге шықты

«Люфтганза» әуе компаниясының ұшқыштары кезекті рет ереуілге шықты. Осыған орай Германияда 60-қа тарта рейс ұшпай қалған, - деп хабарлайды Рейтерс агенттігі. Бұндай наразылық шерулері «Люфтганза» мен «Герман уингс» компанияларында осымен он төртінші рет өтіп отыр.

Ереуілге қатысушылар шараны бір күндік шеру ретінде жоспарлаған, бірақ қажет болса, жалғастыруға дайын екендіктерін айтты. Ұшқыштар жалақының соңғы рет осыдан бес жыл бұрын көтерілгенін алға тартады. Олардың талабы - еңбекақыны өсіру. Бұл жағдайдың кесірі жолушыларға да тиіп отыр. Олар әуежайда рейстерін күтіп ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ұшқыштардың әрбір ереуілі әуе компанияларын ондаған миллион шығынға батырады екен.

Петер Бьюдиккер, «Солтүстік Рейн Вестфалия» кәсіподағының өкілі:

Біз жаздан бастап келіссөздер жүргізіп келеміз. Жалақы туралы әңгіме шілде айынан басталған. Біраз мәселе шешілген еді. Дұрыс жолда келе жатырмыз деп ойладық. Бірақ әуе компаниясы басшылығы өз ойынан айнып қалды. Сондықтан біз бәрін басынан бастадық.