Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.
"Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М.Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген агенттік хабарламасында.
21 қазанда агенттік бұрынғы әділет министрі "лауазым өкілетін асыра пайдалану" күдігі бойынша Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген". Агенттік сол кезде күдіктінің аты-жөнін атамады.