Спорт Қазақстан
$457.61 €493.07 ₽4.99
×

Үкіметке бастаған жұмысты аяқтауға мүмкіндік беру керек - Н.Назарбаев

AstanaTV
21.03.2016ж. 00:00
1796
Үкіметке бастаған жұмысты аяқтауға мүмкіндік беру керек - Н.Назарбаев

Үкіметтегі кәсіби білікті мамандарға бастаған жұмысын аяқтауға мүмкіндік беру керек. Сайлаудан кейін таратылатын Үкіметтің тағдырына қатысты дауыс беру кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Жаңа сайланған мәжіліс депутаттары сенім білдірсе, Үкімет құрамы өзгермейді. Президент осы тұрғыдағы позициясын білдірді. Ал түске дейін еліміздің саяси элитасы өз таңдауын жасап үлгерді.

Президент бастаған саяси элита Оқушылар сарайында орналасқан 81-ші учаскеде дауыс берді. Заң бойынша мәжіліс депутаттары сайланған соң, Үкімет отсавкаға кетеді. Министрлер кабинеті Төменгі палата сенім артқан жағдайда ғана жұмысын жалғастырады. Билік бұтағындағы ықтимал ауыс-түйіске қатысты Президент ойын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодняшний состав правительства разработал те законы и те программы, по которым сейчас мы все работаем, а это антикризисные программы, это пять институциональных реформ, и я считаю, что состав правительства подобран очень грамотно, люди образованные, молодые, владеющие языками, как иностранными, так и нашими, и профессионалы своего дела. Нам, мне кажется, надо позволить им довести до конца то, что они на себя взяли.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Астанадағы Максим Горький атындағы орыс драма театрында орналасқан №99 сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады.

Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева, бірқатар сенаторлар мен Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков те көппен бірге таңдау жасады. Элиталық учаскеде байқаушылар да осал емес. Көптің арасында ресейлік жұлдыздар Иосиф Кобзон мен Николай Валуевтер төбе көрсетті. Қонақтарды қызықтап, айналсоқтап жүргендер көп. Ат арытып Франция мен Америкадан жеткен журналистер Президентке саяси жүйеге қатысты сауалдарын қойып үлгерді. Назарбаев алдағы уақытта еліміз президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшуі мүмкіндігін жоққа шығармады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Президентская система власти в Казахстане существует. Речь может идти по перераспределению власти между ветвями - президентом, парламентом и правительством. Мы в этом направлении думаем. Когда это будет происходить, мы посмотрим по обстановке в экономике, в мире, внутри страны. Если будет такова воля народа, что надо будет переходить на другую систему управления, мы очень серьезно над этим будем думать и думаем.

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Назарбаев университетінде орналасқан №97 сайлау учаскесінде дауыс берді. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депуттарын сайлау Алматыда да қызу жүріп жатты. Саяси маңызды оқиғадан өнер жұлдыздары қалыс қалмады. Ұлттық кітапханада алғашқылардың бірі болып халық әртісі Ескендір Хасанғалиев зайыбымен келіп, дауыс берді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ